Қазақша                                 Русский
 
Вход для поставщика
Пользователь
Пароль
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Новости компании
15.06.2016 «Арақ атадан қалған ас емес...»
  

Құрметті әріптестер, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ  2014 жылғы ПТК-12-10 санды алкоголь ішімдігін, есірткілік және психотроптық заттарды өндірістік орындарда, вахталық поселкелерде пайдалануға тыйым салу саясатына қарамастан, өкінішке орай, қызмет және жұмыс орындарында, әсіресе Жетібай және Қаламқас кенорындарында қызметкерлермен жұмысшылар арасында арақ ішу фактілері кездесуде.

Бір сәттік құлқынның қызығы үшін көмейге қылғытатын арақтың басты қасіреті, денсаулыққа зиян келтіретінін былай қойғанда, арақ ішіп жазаға тартылып, үстемақысынан, жасап жүрген  жұмысынан, шаңырағы шайқалып жанұясынын, бала-шағасынан, қызметтес достарынан айырлып күйреуі де ғажап емес. Осындай жайттардың кездесіп жатқандары бар екенін де айтпай кетуге болмайды.

Алкоголь «нерв УЫ» деп бекер айтылмаған. «Арақ барлық жамандықтың кілті» - деп ескерткен Алланың Елшісі, адамзаттың асыл тәжі Пайғамбар/с.ғ.с/.  Нақты деректер бойынша елімізде «көңіл көтеру үшін аздап нормамен ішсем ештеме де болмайды» - деп алдамшы сезіммен араққа салынып кетудің салдарынан жыл сайын 28 мың адам бауыр, жүрек қан тамырлары, асқазан жарасы тәрізді дерттерді асқындырып алып көз жұмады.

Бұл дегеніңіз біздің облысымыздың Тупқараған және Қарақия аудандарының тұрғындарының сандарын қосқаннан да көбірек. Бір сәтке тоқтап ойланыңдаршы ағайын!!!

Өмір өлшемі - салауаттық, ал салауаттық өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей  тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Құдайға шүкір қазір бұрынғыдай емес жұмысшылырымызға вахта кездерінде демалуға, өздерін күтіп дамытуға жағдайлар жасалған және, қазіргі экономикалық дағдарыстың күшейе түсуіне қарамастан, жасалып та жатырғанын көрудеміз.

Арақ ішіп аброй төккеннен гөрі жұмысымызды  уақытылы аброймен сапалы түрде атқарып демалыс кезінде өнердің, спорттың турлерімен айналысуға болады емес пе? Олардың қайсысынан болсада жан дүниең ләззат табады, денсаулығың нығайып, өмірге құштарлығың арта түседі. Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса арақсыз, есірткісіз, темекісіз мазмұнды өмір сүруге  неге талпынбаймыз? Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу – бойдағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық. Әр бір кез жұмысымыздан кейін ауылдарымызға есен-аман оралып, жанұямызбен тек жақсылықта қауышайық ағайын.

Белгілі айтыскер ақын Арман Бердалиннің мынандай бір шумағы бар;

 

...  Бұл арақты ішіп еді қай бабаң,

Ішпек тугіл ауызын да шаймаған.

Алла бізге арам деді арақты,

Зияны көп болғаннан соң пайдадан...

Ия, арақ атадан қалған ас емес. Ол букіл мұсылман қауымының, соның ішінде біздің қазақ халқының салт-дәстүрін бұзатын жат нәрсе.

Төменде, көрнекті жазушы, мемлекет қайраткері Әзілхан Нұршайықов ағамыздың жастарға арналған 2 сөзін қатерлеріңізге беремін:

 

Ұлдар, алдымен сөзімді сендерге анаймын !

 

Менің сендерден өтінерім, арақ ішпеңдер, айналайындар! Арақ - адамзаттың жауы, халықтың дұшпаны. Арақ алдымен талантты адамдарды құртады. Содан соң өзгеге ауыз салады. Талантсызды да жалмап жұта береді.
Ендеше, арақ ішпеңдер, бауырларым!

 

«Мен мықтымын» деп оқыраңдай бермеңдер, асып бара жатқан күштерің болса, оны араққа емес, айналадағы адамдарға,  ағайын-туыс, адал жарларыңа қамқорлық жасауға жұмсаңдар!

Қалқам! Арақты жеңемін деп дәмеленбе! Шарапқа бүйірім шыға бір тояйыншы деп талпынба! Ол ешкімді де тойдырмайды. Су екеш суды да сыздықтатып, сызылта ішсең ғана шөлің қанады. Адам арақ ішпегенінен өлмейді, араны ашылып арақ ішкенінен өледі. Әрбір арақ ішкен адамның өмірі аз, ғұмыры қысқа болады. Оның үстіне маскүнемнің өмірі - мәнсіз. Адамның өмірі онсыз да қысқа, ендеше, аз ғұмырды ардақтап, шамаң келгенше мағыналы етіп өткізгенге не жетсін!

Жігіттер! Жандарыңда жүрген қыздарды құрметтеңдер. Қыз – болашақтың анасы. Қыз – алдыңғы ұрпақтың әжесі. Анаңды ардақтап, әжеңді құрметте, қарағым!

Қыздар! Жандарыңда жүрген жігіттерді ақылмен, әдептілікпен, сыпайы мінезбен, сүйкімді назбен тізгіндей біліңдер! Арақ ішкізбеңдер, айғайға  жолатпаңдар. Оларды түнгі 12-де мас болып рестораннан келіп, жұрттың шырқын бұзып, терезенің түбінде текедей бақылдап өлең айтып отырмайтындай етіңдер. Өйткені, қыз жетелесе ілеспейтін, қыз қиылса көнбейтін жігіт жоқ бұл дүниеде. Ақыл анадан тарайды. Адамгершілік әйелден басталады. Жаратушы өздеріңе сыйлаған осы бір өзгеше өнерлеріңді қастарыңда жүрген жігітерге әсер етуге жұмсаңдар. Жігіт жаныңда жүрсе – жолдасың, жауға жұмсасаң – жолбарысың. Ортада жүрсе – орманың, шетке шықса – қорғаның! Жігітерден жылы шырай, жұмсақ әзілдеріңді аямаңдар. Бірақ оларды жұрт көзінше сүйісіп , сөйлесіп тұруға үйретпеңдер, жабыса құшақтатпаңдар. Адал сезімді ардақтап, бүркемелеп, қымтап ұстауға тырысыңдар.

Менің сендерден сұрайтыным осы ғана...

 

Басқарма кеңесшісі  Машырық Орақ

Ақтау қаласы, сәір 2016 жыл.


«« | »» « Назад | Все новости
Последние новости
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2019
All Rights Reserved
МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ
facebook instagram youtube
Блог Правления АО "Мангистаумунайгаз"

Хасанов Даулетжан Кенесович – Генеральный директор АО "Мангистаумунайгаз"

Перейти в блог