Қазақша                                 Русский
 
Вход для поставщика
Пользователь
Пароль
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Новости компании
31.03.2012 Руководство АО Мангистаумунайгаз поздравило геологов с профессиональным праздником
 

 Құрметті  «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның Ардагер Геологтары!

Бүгін 2012 жылдың 1 сәуірінде, мұнайшы геолог қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – Геологтар күнін тойлау үстінде. Осы күнді таңдау кездейсоқ емес және бұл күн Геологтар күні болып  КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президумы 1966жылдың 31наурызындағы Жарлығымен еліміздің минералды шикізат базасын құрғаны үшін геологтар кеңесінің еңбегіне орай Геологтар күні болып белгіленді.

Одан кейін 2011 жылдың 20 қазанында Қазакстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Геологтар күні болып белгіленді.

Бұл мереке жыл сайын сәуір айының алғашқы  жексенбісінде  атап  өтіледі.

Адамзат кез-келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы екендігін және де адамның өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен қарап, қаншалықты ынта-жігермен жұмыс істейтініне байланысты болатынын әрқашан мойындап отырған. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің жұмыс ерекшелігі, өзінің қайталанбас тарихы, өз құндылығы және өз батырлары бар. Әрине, дерлік әр кәсіптің өзінің ерекше аталып өтетін мерекелі күні- өзінің кәсіби мерекесі де бар!

Біздің кәсіби мерекеміз - Геологтар күніне ең ыстық құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Сізді Геологтар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еліміздің баянды болашағы, игілігі жолындағы еңбектеріңізге үлкен жетістіктер мол табыстар тілеймін.

Сіздерге келешекте де Қазақстанның өсіп-өркендеп дамуына қосқан үлестеріңізге және де кен игеру саласындағы абыройлы істеріңіздің ырысы мен берекесін көруіңізге тілектестік білдіремін .

Дендеріңіздің сау болып, жанұяларыңызға тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге жүрекжарды тілегімді білдіремін!

 

Құрметпен,

АҚ  «Маңғыстаумұнайгаз»                                                                   

Басқармасы


«« | »» « Назад | Все новости
Последние новости
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2019
All Rights Reserved
МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ
facebook instagram youtube
Блог Правления АО "Мангистаумунайгаз"

Хасанов Даулетжан Кенесович – Генеральный директор АО "Мангистаумунайгаз"

Перейти в блог