Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Баға ұсыныстары әдісімен сатып алу
Баға ұсыныстарын сұрату әдiсiмен «Шағын зертханаға арналған химиялық реактивтер» № 99 лот бойынша сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру

“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ (130000 Ақтау қ., 6 ш/а, №1 ғимарат, корпоративтiк веб-сайты www.mmg.kz) баға ұсыныстарын сұрату әдiсiмен «Шағын зертханаға арналған химиялық реактивтер» № 99 лот бойынша тауарлар сатып алуды өткiзетiнiн хабарлайды:
    1.      Тауардың атауы: бейне бақылау жүйесін сатып алу;
    2.      Сатып алынатын тауарлардың толық сипатттамасы, олардың көлемi, жеткiзiлетiн жерi техникалық ерекшеліктерінде және тауар сатып алуға шарт жобасында көрсетілген;
    3.      ҚҚС-ны есепке алмағанда  тауарларды сатып алуға бөлiнген сомасы 734 031 теңге.
    Әлеуеттi жеткiзушiнiң баға ұсынысында олардың тасымалдауы мен сақтандыруына, кедендiк баж алымын, басқа салықтарды, алымдарды төлейтiн шығыстары және сондай-ақ тауарларды жеткiзу шарттарымен қарастырылған өзге де шығыстары кiретiн, ҚҚС-ны есепке алмағандағы бiрлiк бағасы және тауарлардың жалпы бағасы болуы тиiс.
    Әлеуеттi жеткiзушiмен ұсынған баға ұсынысы сатып алуды өткiзу туралы ақпаратта көзделген шарттарды сақтай отырып тауар жекткізуді жүзеге асыруда оның келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.      
    Әлеуеттi жеткiзушi өзiнiң қолы мен мөрi (ол бар болса) бекiтiлiп қойылған бiр ғана баға ұсынысын ұсынуға құқылы, онда мына мәлiметтер мен құжаттар болуы тиiс:
    1)      атауы, заңды және фактiлiк мекен-жайы (заңды тұлға үшiн), патент және жеке куәлiк (паспорт) нөмiрi, тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты мекен-жайы (жеке тұлға үшiн), әлеуеттi жеткiзушiнiң СТН және банктiк деректемелерi;    
    2)      жеткізілетін тауарлардың атауы, сипаттамасы және көлемi;
    3)      тауарлардың жеткізу орны мен мерзiмдерi;   
    4)      тауарлардың  жеткізумен байланысты қосылған шығыстарымен ҚҚС-ны есепке алмағандағы бiрлiк бағасы және тауарлардың жалпы бағасы, электрондық түрдеCD-дискіде;   
    5)      әлеуеттi жеткiзушiнiң мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiк көшiрмесi;
    6)      лицензиялауға жататын тауарларды сатып алу кезiнде “Лицензиялау туралы” ҚР Заңына сәйкес әлеуеттi жеткiзушi өзiнiң қызметтер көрсету, жұмыстар орындау құқығын растайтын нотариалды куәландырылған лицензия көшiрмесiн ұсынуы тиiс.
    Жеңiмпаз деп танылған әлеуеттi жеткiзушiмен тауарларды сатып алу туралы шарт қорытындылар туралы хаттамада көрсетiлген мерзiмде, бiрақ қорытындылар туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап 20 (жиырма) күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей жасалады. 
    Әлеуеттi жеткiзушiлер шағын зертханаға арналған химиялық реактивтер сатып алуға қатысу туралы баға ұсыныстары салынып желiмделген конвертiн хабарландыру шыққан күннен бастап мына мекен-жай бойынша тапсырады: 130000, Ақтау қ., 6 ш/а, №1 ғимарат, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, 7-шi қабат, №707 кабинет (үзiлiс сағ. 12-00-ден 13-30-ға дейiн).
    Баға ұсыныстарын берудiң соңғы мерзiмi: 2010 жылғы 04 тамызда  «09» сағ. «00» мин. дейiн.
    Баға ұсыныстары әдiсiмен сатып алуға қатысу туралы баға ұсыныстары 2010 жылғы 04 тамызда «10» сағат «30» минутта мына мекен-жайда ашылады: 130000, Ақтау қ., 6 ш/а, № 1 ғимарат, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, 7-шi қабат, №707 кабинет.
    Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефондар: 8 (7292) 212167 техникалық мәселелер бойынша 8 (7292) 211181 алуға болады.

Техникалық ерекшелігі

Шарт жобасы және қазақстандық үлес есебі

АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту