Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
28.12.2017 ЖЕТIБАЙ МУНАЙШЫЛАРЫ ЖЫЛДЫК ЖОСПАРДЫ МЕРЗIМIНЕН БУРЫН ОРЫНДАДЫ

     

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 2017 жылдың еңбек вахтасын Жетібайлық мұнайшылар жоғары табыспен аяқтағанын хабарлаймыз!  Бүгін, 28 желтоқсан  күні сағат 13.00-де «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы мұнай өндірудің жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындап шықты.  Жоспардағы 2 285 157 тонна мұнайды өндіріп, ел игілігіне тапсыру -  мұнайшылардың ерен еңбегі мен табандылығының айқын айғағы! Бұл табыс ұжымның еліміздің мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға қосқан орасан зор үлесі!

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы Басқармасы  «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы ұжымын келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, ерен еңбектеріңізге ізгі құрметімізді және шын ниетті алғысымызды білдіреміз! Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, сарқылмас қуат пен 2018 жылы жаңа еңбек жетістіктерін тілейміз!

Ізгі тілекпен, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту