Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
28.06.2018 АСТАНАҒА – ЖОЛДАМА
   

Маусым айының 18-26 жұлдызы аралығында «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы компаниялар тобына қарасты өндірістік мекемелер арасында IV жазғы спартакиада өтті.

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы спортшылары волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, тоғыз құмалақ, суда жүзу және қол күресі бойынша «Маңғыстауэнергомұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Oil Service Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Oil Construction Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Ойл Транспорт Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Мұнайтелеком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерімен өзара сайысқа түсті.

Бір аптаға созылған спорт мерекесінде тартысты сәттер өте көп болды. Төртінші жыл қатарынан өтіп жатырған спартакиадада жылда бір топта өнер көрсетіп, бір-бірін әбден зерттеп алған командалардың түбегейлі дайындықпен келгені көрініп-ақ тұрды. Мәселен, өткен маусымда волейболдан ерлер арасындағы ойында біздің Компанияның командасынан бірінші орынды тартысты бәсекеде жеңіп алған «Oil Service Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биыл 2-орынға жайғасты, Тыңғылықты дайындықпен келген біздің жігіттер – «Маңғыстаумұнайгаз» командасы 1-орынды иеленді. Ал «Ойл Транспорт Компани» командасына биыл тағы да қола жүлде бұйырды. Әйелдер арасындағы бас жүлде биыл да Маңғыстаумұнайгаз» командасында қалды. Ал екінші орын былтыр қоладан медаль таққан «Oil Service Company» командасына бұйырса, үшінші орынды былтыр жүлделі үштікке іліге алмаған «Oil Construction Company» командасы жеңіп алды. Басқа ойын түрлері бойынша жеңімпаздар төмендегі ретпен айқындалды:

- Шағын футбол:

1-орын – «Oil Service Company» командасы, 2-орын – «Маңғыстаумұнайгаз» командасы, 3-орын – «Oil Construction Company» командасы.

- Баскетбол:

1-орын – «Oil Service Company» командасы, 2-орын – «Маңғыстаумұнайгаз» командасы, 3-орын – «Oil Construction Company» командасы.

- Үстел теннисі:

Ерлер арасында 1-орын Болат Өскімбаев («Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС), 2-орын Сұлтан Тілегенов («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ), 3-орын Дәулет Жұмағалиев («Оil Services Сompany» ЖШС).

Әйелдер арасында 1-орын Ақмарал Баспаева («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ).

- Шахмат турнирі:

Ерлер арасында 1-орын Азамат Әлібеков («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ), 2-орын Асқар Таусаров («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ), 3-орын Жамбыл Сабитаев («Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС).

Әйелдер арасында 1-орын Айгерім Қалдыбаева («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ).

- Тоғыз құмалақ:

Ерлер арасында 1-орын Талғат Темірәлі («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ), 2-орын А.Хиуалиев («Оil Сonstruction Сompany» ЖШС), 3-орын Есен Малаев («Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС).

Әйелдер арасында 1-орын Рысгүл Ермағамбетова («Оil Сonstruction Сompany» ЖШС).

- Қол күресі, 80 кг.-ға дейінгі салмақ дәрежесі бойынша:

1-орын Бахытбек Майланов («Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС), 2-орын Рафаэль Сиындықов («Мұнайтелеком» ЖШС), 3-орын Нұрсерік Қуандықов («Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС).

- Қол күресі, 80 кг.-нан астам салмақ дәрежесі бойынша:

1-орын Сисенбек Нұрбаев («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ), 2-орын Асхат Себасов («Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС), 3-орын Қазы Шамьянов («Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС).

- Суда жүзу, 100 метр:

1-орын Нұржан Құсайынов («Маңғыстаумұнайгаз» АҚ), 2-орын Нұрсұлтан Абдуов («Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС), 3-орын Ықылас Қараманов («Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС).

Жүлделер бөлісі осындай болды. Енді, бабы мен бағы қатар шапқандар Астана қаласында өтетін жылдың басты спорттық шарасы – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы компаниялар тобына қарасты өндірістік мекемелер арасындағы республикалық сайыста сынасатын болады. «Кіл жүйрікте кім жүйрік?» демекші, әр өңірден озып шыққан спорт сүйер мұнайшылардың арасындағы ойындар тартысты да тартымды өтеріне еш күмән жоқ. Аумақтық деңгейде жеңіс тұғырынан көрінген әріптестерімізге Астанадан қанжығалы оралуына тілектестік білдіреміз. Келе жатырған мұнайшылар мерекесі құтты болсын!


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту