Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
05.11.2018 ҮЗДІКТЕРДІҢ ҮЗДІГІ – «МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ
   

«Нұр Отан» партиясы биыл «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауын екінші рет өткізді. Осы шараның аясында «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалында жергілікті жерде атқарылған жұмыстар сараланып, үздіктер анықталды.

Республикалық сайыстың ережесіне сәйкес, арнайы комиссия құрылып, барлық қатысушылардың жұмыстары бақыланды. Партиялық жобаларды жүзеге асыру, ішкі партиялық жұмыстарды жүргізу, жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, атқарған жұмыстарды БАҚ-тарда көрсету, ұйым жетекшісінің белсенділігін анықтау және жастармен жұмыс нәтижелерін сараптау секілді бағыттар бойынша бақ сынасты. Аталған байқау қорытындысы бойынша, жүлделі 1-орын Ақтау қалалық филиалының «Маңғыстаумұнайгаз» бастауыш партия ұйымына табысталды. Арнайы марапат биік межеге, биік мақсатқа ұмтылдырады.

Бастауыш партия ұйымдары қашан да алдыңғы шепте жүріп, қоғам ішіндегі сан түрлі құбылыстарды болжап, оларды тізгіндей алатын, ел тұтастығы мен тұрақтылықты қамтамасыз етіп, Елбасы бастамалары мен саясатын сәтті жүзеге асыруға қауқарлы патриот азаматтардың ордасы, бірліктің ұйытқысы. Бастауыш партия ұйымдары қызметінің маңызы мен рөлі қашанда зор.

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту