Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
16.11.2018 ТІЛ – ҰЛТТЫҚ БЕЛГІ, ХАЛЫҚТЫҚ МҰРА
   

ҚР Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына және ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында Республикалық диктант өткізілді. Латын әліпбиіндегі Жалпыхалықтық диктантты жазуға орталық аппарат қызметкерлерімен қатар екі өндірістік басқарма мұнайшылары қатысып, өздерінің латын қарпімен диктант жазудағы сауаттылықтарын сынады.

Шара барысында алдымен, қатысушыларға жаңа әліпбидің ең соңғы нұсқасы таныстырылды. Одан кейін латын әліпбиінің жазбаша нұсқалары таратылды. Диктант бір күнде, бір уақытта жазылды. Сонымен қатар арнайы орынға келіп қатыса алмаған қызметкерлер үшін ұзақтығы 30 минутқа созылған диктант аудиосын тыңдай отырып, жұмыс орындарынан жазуға мүмкіндік жасалынды.

Іс-шараның негізгі мақсаты - латын әліпбиіне көз үйрету, қол жаттықтыру болып табылады. Қолдарына қалам алып, алғаш рет латын әліпбиінде диктант жазған мұнайшылар жаңа әліпбиге деген қызығушылығы оянғанын, бірден жазып кету қиын болғанымен, жаңа графиканың өзіндік жеңіл тұстары да бар деген пікірлерін білдірді.

- Мемлекет басшымыз өзінің «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» деген мақаласында осы мәселе туралы көп айтқан. Түркі тілдес ағайындарымызға біздің әдебиетімізбен, дәстүрімізбен, тілімізбен танысуға оңай болады, яғни әлемдік кеңістікте қазақ тілі танымал болуы үшін сондай үлкен маңызды шара деп ойлаймын, - деді «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ (КМДжӨЦ) 3-дәрежелі тұзсыздандыру және сусыздандыру қондырғыларының операторы Еділ Бекмұратов.

Диктант соңында Компаниядан қатысқан 300-ге жуық қызметкердің жұмысы Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту басқармасына жіберіліп, бағаланды.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту