Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
21.12.2018 СЕНІМДІ СЕРІКТЕСТІК
   

Желтоқсан айының 20-жұлдызында «Маңғыстау» телеарнасының жыл қорытындысына арналған Жаңа-жылдық телевизиялық кеш өтті. Шара барысында телеарна рейтінгін көтеруге үлес қосқан бірқатар компаниялар алғыс хатпен марапатталды. «Қазақстан» РТРК» Акционерлік қоғамы филиалдары арасында облыстық телеарнаның жоғары көрсеткішке қол жеткізуіне үлес қосқан «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы да бар.

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы «Маңғыстау» телеарнасымен ұзақ жылдардан бері әріптестік бірлікте жұмыс жасап келеді. Екпінді еңбек тынысын толастатпай, өндірістің қазанын қайнатып жүрген мұнайшылар тынысы телеарна назарынан тыс қалған емес. Компания тынысынан хабардар ететін мәдени-көпшілік шаралар, қайырымдылық акциялар, мұнай кәсіпшіліктерінің тыныс-тіршілігі туралы жаңалықтар, мұнай көзін ашқан ардагер мұнайшылармен тікелей эфирде сұхбаттар, сондай-ақ арнайы тақырыптық хабарлар жыл бойы көрермендердің басты назарында.

Тұтас елдің мүддесіне қызмет ететін телеарна ұжымына ақпарат айдынындағы алар асуларыңыз биік болсын деп тілек айтамыз. Әріптестігіміз нығайып, серіктестігіміз дами берсін!


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту