Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
07.02.2019 ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

  

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті. Компания қызметкерлерімен кездескен халық қалаулылары елімізде жүзеге асырылып жатқан бірқатар бағдарламалар мен жаңа жобалардың тиімділігін түсіндірді.

-  Парламент қабырғасында қабылданған заңдар мен жаңа бағдарламалар ел игілігіне қызмет етуі тиіс. Біздің өңірдегі сапарымыздың негізгі мақсаты - Елбасы жүктеген міндеттердің дұрыс орындалуын қадағалау. Сонымен қатар қарапайым азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, мәселелердің шешімін табуына ат салысу, жәрдемдесу, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова.

Кездесуде ҚР Парламент Мәжілісінің  ең жас депутаты Геннадий Шиповских «Жас кәсіпкер» бағдарламасының жастарға берер пайдасына тоқталды:

- Елімізде «Бизнес бастау»  бағдарламасы арқылы он бір мың жоба іске асып, он алты мыңға жуық кәсіпорын іске қосылды. Алдағы уақытта «Бизнес-2020» бағдарламасы арқылы жастарға берілетін несиенің көлемі екі есеге ұлғаятын болады, - деді.

Кездесуде «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы Жас мамандар Кеңесінің жетекшісі Бауыржан Ходжаев Мәжіліс депутаттарына компания жастарының   жұмысы туралы баяндап, бейнеролик көрсетті.

Парламент депутаттары да  мұнайшылар мен жұмысшы жастардың ұсыныстарын назарға алып, тарқасты.

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту