Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
15.04.2019 ҚОС МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

  

Сәуір айының 1-і мен 8-і аралығында ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер мен қыздар және ардагерлер арасында жатып сығымдаудан және классикалық сығымдаудан жекелей санаттардағы республикалық Чемпионат Алматы қаласында өтті. Байрақты додадан маңғыстаулықтар құр қол қайтқан жоқ, алты қола, төрт күміс, бес алтынмен оралды.

Пауэрлифтингтен бірнеше ірі жарыстарда ел туын көкке желбіретіп жүрген спорт шебері, «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы көлік департаментінің жүргізушісі, әріптесіміз Рахымжан Бекбосынов Қазақстан Республикасының Чемпионатында қос медальді еншіледі. Әріптесіміз чемпионаттың бір алтын, бір қола медалін қоржынға салды.

Халықаралық спорт шебері Асқар Шоқановтың тәлімгерлігімен жаттығып жүрген спортшымызға «Маңғыстаумұнайгаз» акцонерлік қоғамы басшылығы мен кәсіподақ қолдау білдірді. Компания мақтанышы енді Жапонияда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қолдан бермей, болашақта да жеңіс тұғырынан көрінеді деген сенімдеміз.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту