Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
03.06.2019 БАЛАЛАРҒА МҰНАЙШЫЛАРДАН БАЗАРЛЫҚ
 

Балаларға арналған мерекелік шара Маңғыстау ауданына қарасты Қызан елді мекенінде өз жалғасын тапты. Мұнайшылар Қызан спорт кешенінде ауылдықтармен кездесіп, орталыққа бір миллион жарымның спорттық құрал жабдықтарын тарту етті.  Компания басшылығының мерекелік құттықтауын жеткізген әлеуметтік мәселелер бөлімі басшысының орынбасары Қымбат Иманқұлова мен «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы кәсіподақ ұйымы төрағасы  Бердібек Қуатбай спорт мектебіндегі екі топқа футбол ойынының, бір топқа волейбол ойынының киімдерін, түрлі тренажерлар, зілтемірлермен қоса бірнеше ойын доптарын сыйлады.

 

 

 

 

Қаламқас кен орынының  футболшылары да  бұл күні қалыс қалмай, балаларға футболдың қыр сырын үйретіп, Қызан аулының ересектерден құралған футбол командасымен тартысты жолдастық ойын көрсетті.

 

 

Қызан ауылының да келген қонақтарына тартуы болды. Ауылдың өнерпаздары әннен шашу шашып, бишілер өз өнерлерін көрсетіп, мұнайшылардың көңілін көтерді. Сондай-ақ, ауыл әкімі Қонай Сүлейменов компания ұжымына және басшылығына алғыс хатар табыстаса, ауыл ақсақалдары жүрекжарды тілектерімен ақ батасын берді.

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту