Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
05.03.2019 АСАР – АТАДАН ҚАЛҒАН САРА ЖОЛ

  

Қайырымдылық қай кезде де қоғамның негізгі қасиеттерінің бірі саналған. Асыл дініміз Ислам мұны «Садақа» деп атап, күнәлардың кешірілуіне себепші болып, сан түрлі бәленің бетін қайтарады десе, атам қазақ «Асар» деп атап көптің көмегімен бірдің жоғын түгендеген. «Мұнайлы өлке» қайырымдылық қоры да сол жолды жалғап келеді. Қор ашылғалы бері өткен бір жарым жылдан сіл астам уақыт ішінде үш миллионнан астам қаражат өлкеміздің тұрғындарына көмек ретінде үлестірілді. Олардың арасында қиындыққа ұшыраған өзіміздің әріптестеріміз де жоқ емес. Көп түкірсе көл болар деген осы шығар. Екі жүзден астам адамның тұрақты түрде қайырымдылыққа жолдаған бір мың деңгесінен ай сайын екі жүз мың теңге жобасындағы қаражат қор шотына түсіп, Қор көмегіне жүгінген азаматтардың жанына демеу сыйлап келеді. Қор қызметіне енжарлық танытпай, мүұтаждық тартқан замандастарымыздың ауыр жүгін титтей де болса жеңілдетіге үлес қосқан әріптестерімізге Қор көмегіне ие болған барлық азаматтардың «Сіздерге Алланың нұры жаусын» деген алғысын жеткізгіміз келеді.

Ақпан айында Қорымызға әріптесіміз Озғамбаев Бекбол есімді азаматтан ауыр науқасқа шалдыққан 2016 жылғы баласының еміне қаржылай демеу беру туралы өтініш келіп түсті. Қор қамқорлық кеңесі Б.Озғамбаевтың өтінішін қарастыра келе, оның көпбалалы отбасы екенін және қазіргі таңда жанұясында өзінен басқа ешкім табыс таппайтынын ескере отырып, қараша-ақпан айлары есебінен жиналған жарнадан екі жүз мың теңге көлеміндегі қаражатты Б.Озғамбаевқа көмек ретінде беру туралы шешім қабылдады. Бекбол замандасымызға қаржы тапсыру рәсімін Қорға салымшы ретінде ең алғашқылардың бірі болып тіркелген маркетинг және мұнай сату департаментінің қызметкері Әлжан Баймұхамбетұлы Ахметқалиевке тапсырдық.

Қор қамқорлық кеңесі қиындық кешіп жүрген әріптестерімізге көмек қолын созуға дайын екендігін ескертеді. Сондай-ақ, мұқтаждық кешкен өлке азаматтарына қамқорлық танытамын деген әріптестерімізді де серіктестікке шақырады. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсақ, Қор әлеуеті мұнан да ауқымды шараларды жүзеге асыруға, мұнан да қайырлы болуға жетер еді.

Қор қызметіне қатысты ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді, сондай-ақ қайырымдылық жарна аудару туралы арызыңызды Орда бизнес орталығының 726 кеңсесінде қалдыра аласыз.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту