Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
11.11.2019 АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ - ИГІЛІКТІ ІС

  

Жуырда «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы қызметкерлері Нәсіпқали Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінің ауласына 60 түп ағаш отырғызды. «Жасыл қала» акциясына мұнайшылармен қоса мектеп оқушылары да белсене қатысты.

Туя аршасы, айлант, терек, калифорниялық терек түрлерін мектеп ауласына отырғызу үшін компания мамандарымен қоса мектеп директоры мен мұғалімдерге дейін қолдарына күрек алды.

Жасыл желекті түптеп жүрген «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ әкімшілік-әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент директоры Нұрлан Илмұханбетов қайырымдылық шараға компанияның барлық департаменттері жұмылдырылғанын айтты:

-   Өздеріңіз білетіндей, бұл жыл Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған. «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы осы мерекеге арналған шаралар легін жалғастыруда. Бүгін біз Несіпқали Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінде «Жасыл қала» акциясын өткізіп жатырмыз. Қаламыздың тазалығы бәріміз үшін де аса маңызды. Сондықтан біз өсіп келе жатқан жастарға үлгі болып, қаламыздың көгалдануына үлес қосуды мақсат тұттық.

Экологиялық шараға мұрындық болған мұнайшыларға, оған атсалысып жатқан барлық қатысушыларға мектеп директоры Гүлден Иманғалиева да өз ілтипатын білдірді:

- Ағаш отырғызу – игілікті іс. Бүгінгі отырғызылған көшеттердің тамыр тартып, тез жапырақ жайып кетуіне мамандарымыз бен мектеп оқушылары қамқорлық жасайтын болады. Бүгінгідей шара ұйымдастырған «Маңғыстаумұнайгаз» ұжымына алғысымызды білдіреміз. Әр қала тұрғыны қаламыздың көркеюіне, көгалдануына өз үлесін осылайша қосса, Ақтаудың жасыл қалаға айналары сөзсіз.

- Біздің сыныптастарымызбен, мұнайшы ағаларымызбен және мұғалімдермен мектептің ауласына ағаш отырғызғанымыз үлкен мереке болды. Біз осы ағаштарды күтіп, баптаймыз және олардың санын көбейтеміз деп сөз береміз, - деді 6-сынып оқушысы Ақмаржан Жұмағалиева.

Қоршаған ортаны аялауға, қала көркін кіргізіп, тазалықты сақтауға септігін тигізетін бұл үрдіс жалғасын табатыны сөзсіз. Мұнайшылар мен мектеп оқушыларының бірлескен бұл шарасы – көпке үлгі.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту