Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
03.06.2018 ЖӨНДЕУШІЛЕР ҚАРҚЫНЫ
 

Еңбекпен есейген Ерлер

«Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының қолданыстағы жабдықтарды жөндеу және прокаттау цехында тұрмыз. Бірнеше станоктар орнатылған цехтың қуаттылығы мен мұнда жасалатын жұмыс көлемі аса ауқымды. Аталған учаскеде өндіріске қажетті алып техникалармен қатар, ұсақ-түйек, бірақ онсыз өндіріс алға жүре алмайтын құрал-саймандардың барлығы жөнделеді. Мамандар істен шыққан тетіктерді жөндеп, су жаңа етіп шығарады.

Шеберхана ішінде шаң-шұң дыбыс, бір жерде темірді кесіп жатса, бір жерде тесіп жатыр, енді біреуі темірді жону қамында. Мәселен, станок-ырғалғыштың редукторы жер астынан шыққан суды, майды айдау не сору үшін қажетті сайман. Ол бұзылса, сорап та, станок та жұмыс істемейді. Міне, осы редуктор цехта жөнделеді. Немесе, өндірістік сораптар, агрегаттар, ырғалғыштың подшипниктері де солай. Өндіріс бір мезет те тоқтамауы үшін шеберханадағы жұмыс мігірсіз жүріп жатады. Мұнда дамылдап отыруға уақыт та, мүмкіндік те жоқ.

«Бүкіл басқарма бойынша қажетті барлық құрал-саймандар жөнделіп, сақадай сай болып, өндіріске осы цехтан жол тартады. – дейді бізді жұмыс барысымен таныстырған 4-дәрежелі жөндеуші слесарь Руслан Сағындықов.

-Өзіңіз көріп отырғандай, жаңа станоктар қойылғаннан бері мұнда жұмыс қазандай қайнап жатады. Әйтпесе болмайды, бүкіл басқарма бойынша алынған тапсырысты мерзімінде орындау қажет. Онсыз өндіріске тежеу болады. Біздің мақсатымыз да сол - ұңғымалардың дұрыс жұмыс жасап, мұнай өндіру көлеміне нұқсан келмеуі» -дейді өз ісін жетік білетін маман.

Мақатта туылып, Маңғыстауға қоныс аударған Сағындықовтар әулетінің елде абыройы жоғары, беделі үстем. Қажырлы еңбегінің арқасында Руслан да қызметтестері арасында ерекше сый-құрметке ие. Өз міндетін мүлтіксіз орындай білетін жұмысшыға мекеме тарапынан зор сенім артылып, лайықты қолдау көрсетіліп келеді. Руслан Сағындықов өнегесі ізбасар жастарға да үлкен еңбек мектебі. Бар ынта-ықылас, ниет-жігерін сала еткен еңбектің нәтижесі қай кезде де жоғары болатынына цех басында өзіміз де куә болдық. «Табыстың да, тұрмыстың да тұғыры – еңбек!» – деген құлшынысы алға жетелеген Руслан сынды жандардың қажыр-қайраты жұртымызды мұратқа жеткізері хақ!

Жаннат КЕМАЛ


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту