Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
02.07.2018 ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗІ, ҚҰЛАҒЫ ҺӘМ ТІЛІ...
  

 Ұлт Көшбасшысының Жарлығына сәйкес, 28 маусым – Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып бекітілді. Осы атаулы датаға орай, жыл сайын "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамы байланыс және ақпарат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, адал қызметтері үшін алғыс айтуды дәстүрге айналдырған болатын. Компания Басқармасы биыл да өңірдегі қаламгерлердің басын қосты. Құрмет көрсетті. Жылдағыдан да жылы қарсы алған кеш, ауқымды шара болды.

«Журналистің жегені – жантық, арқалағаны – алтын» дейді жазушы Шерхан Мұртаза. Халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын қалам иелерін кәсіби мерекесімен "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Бас директоры Бақыт Алтайұлы құттықтады:

– Құрметті байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қай кезеңде де елді қоғам тынысынан хабардар етіп, шынайы, нақты ақпараттарды жедел жеткізіп, кез-келген оқиғаға салиқалы да, салмақты талдау жасайтын журналистердің орны ерекше. Олардың мұнай-газ саласының дамуына өз үлестерін қосып, жағымды жаңалықты жария қылудағы еңбектері өлшеусіз.

Сондықтан да, Компания ұжымы мен Бұқаралық ақпарат құралдары арасында ұзақ жылдардан бері қалыптасқан тығыз қарым-қатынастың біз үшін маңызы зор. Сіздердің салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқасында компанияның бүгінге дейін жеткен жетістігі паш етіліп, ел дамуына үлес қосқан ардагер мұнайшылар өмірі мен өнегесі дәріптелді, бүгінде барлық облыс, республика тұрғындары мұнайшылар өміріндегі маңызды ақпараттармен хабардар болып отыр.

Атап айтар болсақ, жергілікті «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газеттері мен «Маңғыстау» телеарнасы, республикалық «Хабар», «31», «Казахстанская правда», «Экономика», «Егемен Қазақстан»-да 2017 жылы 159 материал жарық көрсе, 2018 жылдың бірінші жарты-жылдығында 50-ден астам сюжеттер мен материалдар көзі қарақты көрерменге жол тартты. Сіздердің тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтың арқасында, Қоғам Басқармасының беделі мен абыройы айқындалып, Компанияның ақпараттық саясаты қалыптасты. Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болған ұшқыр қалам иелеріне компания ұжымы атынан алғыс айтамын, –Бұған қоса, Бақыт Алтайұлы жемісті еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі үшін отызға жуық журналистке Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табыс етті.

Кездесуде сатып алу және жабдықтау департаментінің директоры Ван Юаньбяо және "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің" төрағасы Тарғын Мысамбаев та журналистерге шығармашылық табыс тіледі.

– Мереке қарсаңында еңбегімізді елеп, арнайы кездесу ұйымдастырған "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ басшыларына алғыс айтамын. Осы салада талай тар жол, тайғақ кешулерден өттік. Талай адамдармен дәмдес болдық, талай жандармен сапарлас болдық. Әсіресе, Қаламқас, Жетібай кенорындарына талай рет табан тиді. Ел қазынасына қара алтын құйған мұнайшылар өміріндегі барлық жаңалықтарды үнемі қадағалап отырамыз,– деді журналистер атынан сөз алған ардагер журналист Маңдайлы Қосымбай. Сондай-ақ «Хабар-24» телеарнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі Тамара Степанова, «Маңғыстау-Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Сағындық Рзахметов ұзақ жылдардан бері қалыптасқан өзара әріптестік қатынас үшін "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Басқармасына шексіз алғыстарын жеткізді.

Мереке соңы теңіз жағалауындағы «Стигл» демалыс аймағындағы шараға жалғасты. Мейман болып, мерейі тасыған журналистер «жыл салып, жолығайық» деген ақжарма тілектерімен тарқасты. 

ЖАННАТ КЕМАЛ


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту