Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
03.09.2018 СӘУЛЕЛІ ҒҰМЫР ЕСКЕРТКІШІ
  

ҚР Конституциясы күні және мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аясында «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы ғимараты алдына қоғам жəне мемлекет қайраткері, қазақ мұнайының атасы Сафи Өтебаевтың ескерткіш бюсті қойылды.

КСРО еңбек сіңірген мұнайшысы, ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері Сафи Өтебайұлының құрметіне арналған шараға Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев, облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов және мәслихат депутаттары, мұнай саласының ардагерлері, мұнайшылар және Сафи Өтебайұлының балалары қатысты.

Мерекелік шарада сөз сөйлеген Мақсат Сқақов облыс әкімі Ералы Тоғжановтың атынан ҚР Конституциясы күні және мұнай-газ кешені қызметкерлерін мерекемен құттықтап, Маңғыстау мұнайы тарихының дамуына өзіндік үлесін қосқан ардагер мұнайшыларға алғыс білдірді. Алғашқы қазақ инженер - мұнайшысы, Қазақстандағы мұнай индустриясын ұйымдастырушылардың бірі, «Алтын кенші», шексіз талант иесі Сафи Өтебайұлының жүріп өткен сарабдал жолы туралы келелі әңгіме қозғады. Саналы ғұмырын қазақ мұнайын өркендетуге жұмсаған қазақтан шыққан тұңғыш мұнайшы-инженердің өнегелі өмірін жас ұрпаққа үлгі етті. Келер ұрпаққа берер тәрбиесі мол екендігін ерекше атап өтті.

Жиылған көпшілік алдында Сафи Өтебайұлының қызы Светлана Сафиқызы, облыстық қоғамдық Кеңес төрағасы Сағын Қырымқұлов қазақ мұнайының атасы туралы естеліктерімен бөлісіп, тұлғаны құрметпен еске алды, алғыс сезімдерін білдірді. Мұнайшы жастар атынан «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының операторы ақын Райымбек Түзелов жырдан шашу шашты.

 ***

Жан бітірген, тіл бітірген мұнайға,

Болмысыңды бір көрсетсін тіл айна.

Қарабаудан Қаратаудай іс қылып,

Шүкір еткен, зікір еткен Құдайға.

 

Қара алтынды өндіруді ғұрып қып,

Бойымызды сол байлықпен жылыттық.

Даласынан ел ырзығын табар ма?

Бабасынан байқалмаса ұлықтық.

 

Басқа туып Алла берген азат күн,

Озық ісі ұрпаққа үлгі озаттың.

Тәу еттірген мұнараны ұлтына,

Сафи атам саф алтыны қазақтың.

 

Құрма қылып, мерекеде, тамызда

Бұл күндер де айналады аңызға.

Мұнайымның атасына айналған,

Мәңгі тағзым, бұл ескерткіш абызға.

 

Сафи ата, біз ұлықтар хас маман,

Жерім үшін терін төгіп тастаған.

Аталардың батасымен көгерген,

Аманатқа адал бүгін жас ұлан!


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту