Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
05.09.2018 ҚҰРМЕТКЕ ТОЛЫ МҰНАЙШЫЛАР ТОЙЫ
  

Жыл сайын келетін осы мейрам бүгінде мұнайшылардың асыға, тағатсыздана күтетін мерекесіне айналған. Құрмет құшағында қалатын бұл күнді «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы барынша сән-салтанатымен атап өтеді. Еліміздегі шикізаттың шежіресі бастау алған Жетібай, Қаламқас кенорындарында дүбірлеткен думанды көруге біз де асықтық. Бозашы түбегіндегі қойнауы құт дарыған мекен әсем ән, күмбез күйдің тиегін ағытты. Қаз-қатар тігілген ақшаңқан киіз үйлер ақмаржан Ақтаудан ат арытып жеткен ардагер мұнайшылар мен құрметті қонақтарға толды.

«Қаламқасмұнайгаз» ӨБ алаңындағы сахна төрінде Маңғыстау ауданының әкімі Жармағанбет Айтуаров, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқарма басшылары мен ардагер мұнайшылар қара алтын игерген мұнайшылардың мәртебесін асқақтатып, ақ тілек, ыстық ықыластарын арнады.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Бақыт Иманбаев, бас директордың бірінші орынбасары Лю Цзиньчэн мұнайшылар ұжымын құттықтай келген аудан басшылығы мен ардагерлерге алғысын білдіріп, бұл мерекенің баршаға ортақ құндылықтары көп екенін атап өтті.

Мерейлі мерекелік кеште еңбектері еленіп, алғыс алған, марапатқа ие болған мұнайшылардың қатары көп. Соның бірі – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ естелік белгісімен марапатталған №2 мұнай және газ өндіру цехының бастығы Серік Отаралиев. «Бүгін біз үшін – ұлы күн. Еліміздегі маңызды саланың бірі – мұнай өндіру ісінде еңбек ету үлкен абырой, биік міндет. «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасында 18 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Қазіргі таңда кенорнындағы мұнай-газ өндіру цехында тиісті жұмыстарды атқарып, жоспарды жүйелі орындауға тырысып жүрміз. Халыққа қызмет – басты міндетіміз болып қала бермек» десе, жылумен-сумен қамтамасыз ету және канализация цехының 4 дәрежелі сораптар қондырғыларының машинисі Нұрсұлтан Жұмажанов та мереке күні «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Алғыс хатын алып, көңілі асқақтап тұр.

Мұнайшылар қауымын сый-құрметке бөлеген, ардагер ақсақал-дарын ардақтап, төрге оздырған мерекелік кеш сахнасы әсем ән, күмбірлеген күйге толды. Сондай-ақ, берекелі мерекеде арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақша күрес сынды ұлттық ойындар ойнатылып, жеңімпаз атанған мұнайшыларға сый-сыяпаттар тарту етілді.

Жайық НАҒЫМАШ


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту