Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
12.08.2019 «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»

  

Қазақ мұнайының 120 жылдығы мен Қаламқас кенорнының 40 жылдығы аясында «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғам ұжымы Ақтау қаласындағы Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы әлеуметтік-әкімшілік мәселелері жөніндегі департаменті директоры Нұрлан Ілмұханбетов компания Басқармасы мен мұнайшылар ұжымы атынан аз  қамтылған отбасы балаларына сыйлық ретінде мектеп формасын, спорттық киімдер, аяқ киім, басқа да қажетті заттарды тапсырды.

Шексіз қуанышқа бөленген балалар мен ата-аналарға арналған мектеп өнерпаздарының шағын концерті де жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ата-аналардың ризашылығына біз де куә болдық:

- Бүгінгі күнді мейрамға айналдырған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырушы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұжымына зор алғысымды білдіремін - деді  Жанар Рысқұлова. Әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан компания қызметкерлеріне сәттіліктер тілеймін. Қазақ мұнайының 120 жылдығы мен Қаламқас кенорнының 40 жылдығы мерейтойлары құтты болсын!»

«Биылғы оқу жылына «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мекемесінің қолдауымен 18 баламызға мектепке арналған құрал-саймандар тарту етіліп отыр. Мектеп ұжымы атынан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на ерекше алғысымызды білдіреміз. Мұнайшы замандастарымызды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз», - дейді №7 мектеп лицей директоры Гүлден Иманғалиева.

Осындай шарапаты мол шараны «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасына қарасты ұңғыларды бұрғылау және күрделі жөндеу бөлімі де ұйымдастырды. Мұнайшылар Қарақия ауданы, Мұнайшы кентіндегі №7 орта мектептің екі оқушысына әрқайсысына 55000 теңгеден оқу құралдары мен мектеп киімдерін алуға көмек қолын созды.

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту