Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
30.08.2019 «ҚАРТҚА – ҚҰРМЕТ, ЖАСҚА – МІНДЕТ!»

   

Мерейлі мереке құрметіне орай ардагерлерге құрмет көрсетілді.

Алдымен жастар алғаш мұнай ашушылардың қатарында болған, Ұлы Отан соғысының ардагері Қамқа Үмбетәліқызының үйіне барып, ардагер мұнайшының омырауына Қазақстан мұнайының 120 жылдық төсбелгісін тақты. Мұнан кейінгі құттықтау Әділ Нұрмановтың пәтерінде жалғасты. Ардагер мұнайшы жастарды ерекше ықыласпен қарсы алды. Кен орнының ашылуына куә болған ардагер мұнайшы Әділ Нұрманов Бозашы туралы әдемі естеліктерімен бөлісті.

- Сіздерге үлкен рахметімді айтам. Біздің үлкейіп қалғанымызға қарамай мереке  күндері келіп, құттықтап жатсыңдар. Көп жасаңдар,- деп жастарға батасын берді.

Дәл осындай көңілмен жастар 1961 жылы өлкеміздің мұнай ашушыларының бірі болған Нұрмұхан Қанатбаевты да құттықтап, төсбелгі тақты. Жастардың ыстық ықыласы мен өнер шашуына ардагерлер дән риза болды.

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту