Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
03.09.2019 ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫМЫЗ - ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

  

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы топтық компаниялар арасындағы спартакиаданың финалдық кезеңі биыл Шымкент қаласында болды. 19 тамызда басталған жарыс Қазақ мұнайының 120 жылдығына орайластырылды. Еліміздің әр түпкірінен жиналған сегіз команда спорттың сегіз түрінен бақ сынасты. Үздік үштіктен қөрінген волейболшыларымыз тамаша ойын үлгісін көрсетті. Бас жүлде үшін  қызу тартыспен өткен ақтық сында «ҚазТрансОйл» коман-дасына есе жіберіп алған маңғыстаумұнайгаздықтар екінші орынды қанжығаға байлады. Айта кететін жағымы жаңалық – әкімшілік-әлеуметтік мәселелер департаментінің спорт жөніндегі жетекші нұсқаушысы Нұрлан Елубаев «үздік байланыстырушы» номинациясын жеңіп алса, спортшы қыздарымыз «жанкүйер көзайымы» атанды.

Өз күшіне сенімді біздің команда  келесі додаларда бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткіземіз деп отыр. Ал әзірге жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларымызды қажырлы жаттығулар мен жеңісті биіктер күтіп тұр.

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту