Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
06.12.2019 ЖЕТІБАЙЛЫҚ ҮЗДІК МАМАН - ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ

  

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында Еңбек Күніне арналған «Әлеуметтік инновациялар жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай жол ретінде» республикалық форумы өтті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырған шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің өкілдері, Парламент депутаттары, республикалық жұмысшылар мен жұмыс берушілер бірлестігі, еңбек ардагерлері, жергілікті басқарушы органдар өкілдерімен қатар «Еңбек жолы» конкурсының аймақтық жеңімпаздары да қатысты.

Форумды ашқан ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мерекенің басты мақсаты – еңбек адамы мәртебесін арттыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерді насихаттау және еңбек әулеттерінің жылдар бойғы дәстүрлерін нығайту болып табылатынын, «Еңбек жолы» байқауы еңбек адамдары туралы жағымды қоғамдық пікір қалыптастыруға және кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерінің пайда болуына жағдай жасауға, қазақстандықтардың бойында республика экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан отандастары үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуге негізделгенін атап айтты.

Байқаудың бірінші кезеңі аймақтарда «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша өткен еді.  Маңғыстау облысы бойынша әріптесіміз Нұрбол Еділов оқ бойы оза шауып, «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясының өңірлік жеңімпазы атағын иеленді. Жастайынан мамандығына ерекше ден қойған Нұрбол «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасында қабат қысымын ұстау цехының операторы болып 2012 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Еңбегіне лайық берілген мұнай саласындағы бірнеше алғыс хаттардың иегері және аймақтық «Үздік маман» байқауының үш дүркін жүлдегері. Ол 4 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық «Еңбек жолы» форумының құрметті қонағы болу  мәртебесіне ие болды.

Шара барысында ҚР Президенті мен ҚР Премьер-Министрінің алғыс хаттары, мемлекеттік марапаттар тапсырылды.

Форум соңында Бердібек Сапарбаев «Еңбек жолы» республикалық байқауының барлық қатысушыларын жеңістерімен құттықтап, жаңа табыстар мен еңбектеріне жетістіктер тіледі.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту