Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
18.12.2019 ЕҢБЕК ДАҢҚЫ

    

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күніне орай Ел Тәуелсіздігінің нығаюына және аймақтың дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ азамат Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік марапаттарға ие болды. Награданы Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде өткен мерекелік салтанатты жиналыста облыс әкімі Серікбай Трұмов тапсырды.

Мемлекеттің жоғары құрметіне ие болғандардың қатарында әріптесіміз,   «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ пайдаланыстағы жабдықтарды прокаттау және жөндеу цехының бастығы  Ыбырайым Дәуітұлы Ағиев  III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.

1986 жылы «токарь» болып орналасып, бүгінде сол цехтың бастығы қызметіне дейін көтерілген Ыбырайым Дәуітұлының басшылығындағы цех мұнай-газ саласының дамуына сүбелі үлес қосып, өндірістің өркендеуіне аянбай атсалысып келеді. Еңбек өнімділігін арттыруға, ел экономикасының жақсаруына, әлеуметтік дамуына Ыбырайым Ағиевтың қосқан еңбегі орасан зор.

Марапатыңыз құтты болсын, Ыбырайым Дәуітұлы!


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту